«Хан-Тәңірі» жеті гол соғылған матчта «Тобыл М»-ды жеңді

6a86ec7349e3f 1

Алматылық «Хан-Тәңірі» Қазақстан Бірінші лигасының 19-турында сырт алаңда «Тобыл М»-ды 4:3 есебімен жеңді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Қонақтар матчты өте сәтті бастап, алғашқы 27 минутта үш гол соқты. Алдымен Рүстам Эмиров есеп ашса, кейін Асқар Бижан мергендігімен көзге түсті. Ал Рауан Сәрсенбек команданың үшінші голын соғып, есепті 3:0-ге жеткізді. Үзілістен кейін ойынның бағыты толық өзгерді. 57-минутта Рахат Базарбаев есеп айырмасын қысқартты. Ал 67-минутта «Хан-Тәңірі» ойыншысы Диас Өмірзан екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды.

Сан басымдығын пайдаланған «Тобыл М» ойынға қайта оралды. Олжас Тоқтасынов есепті 2:3-ке жеткізсе, 77-минутта Ануар Аманжанов таразы басын теңестірді – 3:3. Костанайлық команда жеңілістен құтылғандай көрінгенімен, соңғы сөзді алматылықтар айтты. Қосымша уақыттың үшінші минутында Арафат Валиевтің соққысы бірнеше рикошеттен кейін қақпаға еніп, «Хан-Тәңіріне» жеңіс сыйлады.

Осы жеңістен кейін «Хан-Тәңірі» 21 ұпай жинап, турнир кестесінің орта тұсындағы орнын нығайтты. Ал «Тобыл М» 10 ұпаймен соңғы орында қалып отыр. Үш гол айырмасымен жеңіліп жатып есепті теңестіргеніне қарамастан, костанайлық команда соңғы минуттарда жеңісті уыстан шығарып алды. Бұл кездесу Бірінші лиганың 19-турындағы ең тартысты матчтардың бірі болды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру