Нұрғожай UFC турнирінде бонусқа ие болды

Дияр Нургожай

Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night 284 турнирінің бонустары белгілі болды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай кештің басты номинацияларына кірмесе де, мерзімінен бұрын жеңісі үшін 25 мың доллар көлемінде бонус алды.

Турнирдің негізгі 100 мың долларлық бонустары былай бөлінді – «Кештің үздік жекпе-жегі» Диего Феррейра мен Билли Куарантиллоға берілді, ал «Кештің үздік өнер көрсетуі» Куиллан Салкиллд пен Тай Миллерге бұйырды.

Еске салайық, Нұрғожай осы кеште бразилиялық Бруно Лопесті бірінші раундта нокаутқа түсіріп, UFC-дегі қатарынан екінші жеңісіне жетті. Қазір оның рекорды – 2-2.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар