Алан Құрманғалиев халықаралық турнирде жеңіске жетті

Фото: НОК
Қазақстан құрамасының үстел теннисі бойынша өкілі Алан Құрманғалиев Споканда өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Қазақстандық спортшы жарыс барысында төрт матч өткізіп, барлық қарсыласын сенімді түрде жеңді.
Құрманғалиев америкалық Алекс Ло – 3:1, Абхинав Ширбхате – 3:0 және Эндрю Цаоны – 3:0 есебімен ұтты.
Финалда қазақстандық теннисші австралиялық Чулун Неден – 3:1 есебімен басым түсіп, турнирді бірінші орынмен аяқтады.



