Ресейлік UFC файтері жаңа лигамен келісімшартқа қол қойды

46d7b722d3bc53d7eca3fc53ccca0c0968853c1beb4bf087398137 1

Ресейлік UFC жауынгері Шарабутдин Магомедов Real American Freestyle (RAF) лигасымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

32 жастағы спортшымен келісім жасалғанын америкалық ұйым ресми түрде жариялады. Магомедов енді UFC-дегі мансабымен қатар RAF аясындағы белдесулерге де қатысады.

Бұған дейін Шарабутдин Магомедов Бакуде өткен UFC Fight Night 280 турнирінде өнер көрсетіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен бразилиялық Мишель Перейраны жеңген болатын.

Қазіргі таңда ресейлік файтердің аралас жекпе-жектегі еншісінде 22 кездесу бар. Оның 21-інде жеңіске жетіп, бір рет қана жеңіліс тапқан.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру