«Қайрат» қатарынан екінші маусымда еурокубоктың негізгі кезеңінде ойнайды
Алматылық «Қайрат» 2026/27 жылғы маусымда еурокубоктардың бірінің негізгі кезеңіне қатысуын қамтамасыз етті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Қазақстандық клуб Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шыққаннан кейін Еуропа турнирінің негізгі кезеңіне жолдаманы мерзімінен бұрын иеленді. Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері іріктеу кезеңінде алдымен Черногорияның «Сутьеска» клубынан, кейін Кипрдің «Омониясынан» басым түсті.
Егер «Қайрат» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде жеңілсе, онда Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде бақ сынайды. Ал ол турнирде де жолы болмаса, Конференциялар лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсетеді.
Осылайша, «Қайрат» қатарынан екінші маусымда еурокубоктардың негізгі кезеңінде ойнайды. Өткен маусымда алматылық клуб өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне қатысып, сегіз матчта бір ұпай жинап, 32-орынға тұрақтаған еді.


