Қазақстанның әйелдер құрамасы әлем чемпионатының командалық жарысын аяқтады
Қазақстанның әйелдер құрамасы семсерлесуден әлем чемпионатының командалық турнирінде алғашқы айналымнан аса алмады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Алғашқы кезеңде қазақстандық қылышшылар Украина құрамасына 33:45 есебімен жол берді. Қазақстан сапында Айгерім Сарыбай, Каиша Жаныбек және Анастасия Гулик өнер көрсетті. Украина құрамасы атынан Александра Бондарь, Алина Комащук және Виктория Коротченко сынға түсті.
Сонымен қатар бүгін ерлер арасындағы командалық шпага бәсекесінде Қазақстан құрамасы жарысты сәтті бастады. Алғашқы айналымда қазақстандық спортшылар Финляндия құрамасын 45:39 есебімен жеңді.
Семсерлесуден әлем чемпионаты Гонконгте 22–30 шілде аралығында өтіп жатыр.



