Астанада теннистен Қазақстан чемпионаты аяқталды

5418348003120061037 121 1

Астанада ересектер арасында теннистен Қазақстанның жазғы чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

20–26 шілде аралығында Beeline Arena ұлттық теннис орталығының хард корттарында еліміздің үздік теннисшілері жекелей және жұптық сында чемпиондық атақты сарапқа салды. Әйелдер арасындағы жекелей сында Алматы қаласының өкілі Инкар Дүйсебай Қазақстан чемпионы атанды. Күміс жүлдені астаналық Сандуғаш Кенжебаева иеленсе, қола медаль Ақтөбе облысының теннисшісі Ева Корышеваға бұйырды. Ерлер арасында Ақтау қаласының өкілі Даниял Рахматуллаев жеңімпаз атанды. Екінші орынды Қызылорда облысының теннисшісі Ерасыл Ерділда, ал үшінші орынды Ақтөбе облысының өкілі Мансур Саинов иеленді.

Әйелдер арасындағы жұптық сында алтын медальді алматылық Асылжан Арыстанбекова мен Еркежан Арыстанбекова жеңіп алды. Күміс жүлдегерлер – Инкар Дүйсебай мен Альбина Какенова, ал қола медаль Айя Нүпбай мен Анастасия Крымковаға бұйырды.

Ерлер арасындағы жұптық сында Ерасыл Бахтияр мен Ерасыл Ерділда чемпион атанды. Күміс жүлдені Ілияс Маратұлы мен Ислам Орынбасар жеңіп алса, Тимур Сауленко мен Арсений Требухин қола жүлдеге ие болды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
10 Сен - 15:05 Теннис
Елена Рыбакина әлемдік рейтингтегі тарихи жетістігіне қатысты пікір білдірді
10 Сен - 13:45 Теннис
Коко Гауфф Елена Рыбакинамен болатын жартылай финал туралы айтты
10 Сен - 10:45 Теннис
Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны тарихи жетістігімен құттықтады
10 Сен - 08:30 Теннис
Геннадий Головкин Елена Рыбакинаның тарихи жетістігіне қатысты пікір білдірді
09 Сен - 23:09 Теннис
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанады
09 Сен - 17:55 Теннис
Бен Шелтон Алькарасқа қарсы алғашқы жеңісіне жетіп, US Open жартылай финалына шықты
09 Сен - 08:30 Теннис
Соболенко US Open-2026 жартылай финалына шықты
08 Сен - 10:45 Без рубрики KZ Теннис
Елена Рыбакина US Open турнирінде алғаш рет ширек финалға шықты
07 Сен - 11:05 Теннис
Александр Бублик пен Цзюньчэн Шан US Open-2026 турниріндегі жұптық бәсекесін жалғастыра алмады
06 Сен - 14:38 Теннис
Елена Рыбакина US Open-да 1/8 финалға шығып, 480 мың доллар тапты