Қазақстан УЕФА коэффициенттер рейтингіндегі 36-орнын сақтап қалды

800x450 1

Еурокубоктардың алғашқы іріктеу кезеңінің қарымта матчтарынан кейін Қазақстан УЕФА коэффициенттер рейтингіндегі 36-орнын сақтап қалды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Қазақстан клубтарының ішінен ең сәтті нәтиже көрсеткен – алматылық «Қайрат». Ел чемпионы сырт алаңда Черногорияның «Сутьескасын» 2:0 есебімен жеңіп, екі матчтың қорытындысы бойынша 4:1 нәтижесімен Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне өтті. Ал «Астана» мен «Елімай» Лига конференциясындағы жарыс жолын аяқтады. Елордалық клуб Албанияның «Динамо Ситиіне» (жалпы есеп – 2:4), ал семейлік команда Арменияның «Алашкертіне» (жалпы есеп – 3:3, пенальтиден – 5:6) есе жіберді.

Қазіргі таңда Қазақстанның УЕФА рейтингіндегі көрсеткіші – 11,875. Бұл нәтижемен еліміз 36-орында тұр. Қазақстаннан жоғары Босния және Герцеговина (12,718) мен Косово (12,406) орналасса, төменде Латвия (11,500), Финляндия (11,250) және Молдова (10,000) келеді.

Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Қайрат» Кипрдің «Омония» клубымен кездеседі. Матчтар 22 және 29 шілдеде өтеді. Ал «Тобыл» Лига конференциясының екінші іріктеу кезеңінде Литваның «Паневежис» командасымен ойнайды. Бұл кездесулер 23 және 30 шілдеге жоспарланған.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді
16 Окт - 08:41 Футбол
«Рига» қорғаушысы «Қайратпен» тең ойыннан кейін пікір білдірді
14 Окт - 18:40 Футбол
«Астана» «Ертісті» жеңіп, ҚПЛ-дағы үшінші орнын нығайтты
14 Окт - 18:00 Футбол
«Қайрат» екі ойында 13 гол соғып, УЕФА Жастар лигасының келесі кезеңіне өтті
14 Окт - 15:15 Футбол
Нұрали Жақсылық «Қайсарда» жалға алу негізінде ойнауын жалғастырады
14 Окт - 13:45 Футбол
Тақырып: «Челси» рұқсат бермеді: Дастан Сатпаевтың алаңға қашан оралатыны айтылды
14 Окт - 09:20 Футбол
Кенжебек пен Самородов үшін маңызды матч: «Ахмат» «Динамоны» қабылдайды
13 Окт - 16:00 Футбол
Лионель Месси әлемдік футболдың болашақ жұлдыздарын атады
13 Окт - 14:27 Футбол
«Ақтөбе» Қазақстан жастар құрамасының вингеріне қызығушылық танытып отыр