Тимофей Скатов Гштаадтағы ATP 250 турнирін алғашқы айналымда аяқтады

Тимофей Скатов

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Швейцарияның Гштаад қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирдегі жарысын алғашқы айналымда аяқтады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Алғашқы кездесуде әлемдік ATP рейтингінде 163-орында тұрған 25 жастағы қазақстандық теннисші бельгиялық Рафаэль Коллиньонмен кездесті. Әлемнің 42-ракеткасына қарсы өткен матч 2 сағат 39 минутқа созылып, бельгиялық спортшының 3:6, 7:6 (7:6), 6:4 есебімен жеңісімен аяқталды.

Бұған дейін қарсыластар бір-ақ рет кездесіп, сол матчта Тимофей Скатов жеңіске жеткен болатын. Алайда бұл жолы Коллиньон қарымта қайтарып, турнирдің келесі кезеңіне жолдама алды.

Енді ATP 250 турнирінің 1/8 финалында Рафаэль Коллиньон Италия өкілі Лоренцо Сонегомен кездесіп, ширек финал жолдамасын сарапқа салады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
17 Окт - 22:57 Теннис
Александр Шевченко Almaty Open ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңінің финалына шықты
16 Окт - 16:00 Теннис
Рафаэль Ходар Шанхайдағы төртінші камбэгін жасап, «Мастерс» жартылай финалына шықты
16 Окт - 15:20 Теннис
Сонай Картал Ухандағы WTA-1000 турнирінде жартылай финалға жолдама алды
15 Окт - 21:13 Теннис
Алматыда World Tennis Бас ассамблеясының қорытындысы шығарылды
13 Окт - 15:45 Теннис
Юлия Путинцева камбэк жасап, Ухань турнирінің екінші кезеңіне өтті
12 Окт - 14:54 Теннис
Арина Соболенко Елена Рыбакинамен бәсекелестігі туралы пікір білдірді
12 Окт - 09:15 Теннис
Анна Данилина жұптық сындағы WTA рейтингінде жетінші орынға түсті
12 Окт - 08:38 Теннис
Елена Рыбакина WTA рейтингіндегі көшбасшылығын сақтады, Мирра Андреева үздік үштікке енді
11 Окт - 18:14 Теннис
Александр Бублик Шанхайдағы «Мастерс» турнирінің төртінші айналымына шықты
11 Окт - 13:24 Теннис
Юлия Путинцева Уханьдағы WTA-1000 турнирінің негізгі кезеңіне шықты