Англия Норвегияны қосымша уақытта жеңіп, ӘЧ-2026 жартылай финалына шықты

skysports england norway 7295605 1

Англия құрамасы ӘЧ-2026 турнирінің ширек финалында Норвегияны қосымша уақытта жеңіп, жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Томас Тухельдің командасы 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Матчтағы есепті 36-минутта Норвегия құрамасы ашты. Андреас Шельдеруп өткір бұрыштан дәл соққы жасап, Англия қақпашысы Джордан Пикфордты қапы қалдырды. Алайда бірінші таймға қосылған уақытта Джуд Беллингем айып алаңына еніп, таразы басын теңестірді. Үзілістен кейін норвегиялықтар бұрыштамадан кейін тағы бір мәрте гол соққанымен, шабуылдағы ереже бұзушылыққа байланысты бұл гол есепке алынбады. Негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталды.

Қосымша уақыттың басында Англия алға шықты. Норвегия қақпашысы Эрьян Ньюланд алыстан бағытталған соққыны қайтара алғанымен, допқа алғаш болып жеткен Джуд Беллингем дубль авторы атанды. 99-минутта төреші бейнеқайталауды қарап шыққаннан кейін Норвегия қақпасына пенальти белгілеуден бас тартты. Қалған уақытта есеп өзгерген жоқ.

Осы дубльдің арқасында Джуд Беллингем турнирдегі гол санын алтыға жеткізіп, Англия құрамасындағы әріптесі Гарри Кейнмен үздік сұрмергендер тізімінде теңесті. Англия құрамасының жартылай финалдағы қарсыласы Аргентина мен Швейцария арасындағы матчтан кейін анықталады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
12 Июл - 08:05 Футбол
Аргентина Швейцарияны жеңіп, ӘЧ-2026 жартылай финалына шықты
12 Июл - 04:54 Футбол
Англия Норвегияны қосымша уақытта жеңіп, ӘЧ-2026 жартылай финалына шықты
10 Июл - 17:28 Футбол
Жорже Жезуш Португалия құрамасының бас бапкері атанды
10 Июл - 16:00 Футбол
«Алтын допқа» басты үміткерлердің жаңартылған рейтингі жарияланды
10 Июл - 13:23 Футбол
«Қайраттың» матчы Чемпиондар лигасы іріктеуінің көрермен рекордын орнатты
10 Июл - 10:31 Футбол
Дастан Сатпаев «Челсидегі» алғашқы жаттығуын Хаби Алонсоның жетекшілігімен өткізді
10 Июл - 08:15 Футбол
Мбаппе әлем чемпионаттарының тарихи рекордын жаңартты
09 Июл - 16:53 Футбол
Дан Глазердің «Қайраттан» ауысу құны белгілі болды
09 Июл - 13:22 Футбол
Opta суперкомпьютері ӘЧ-2026 ширек финалының фавориттерін атады
09 Июл - 11:46 Футбол
ҚФФ Қазақстан құрамасының бас бапкеріне қойылатын талаптарды бекітті