«Қайраттың» матчы Чемпиондар лигасы іріктеуінің көрермен рекордын орнатты

ФК Кайрат

Фото: Getty Images

Алматылық «Қайрат» пен Черногорияның «Сутьеска» клубтары арасындағы кездесу Чемпиондар лигасының 2026/2027 жылғы маусымындағы алғашқы іріктеу кезеңінің бірінші матчтары арасындағы ең көп көрермен жиналған ойын болды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. FMD мәліметінше, Алматыдағы Орталық стадионға 14 356 жанкүйер келген.

Бұл көрсеткіш 7–8 шілде күндері өткен алғашқы іріктеу кезеңіндегі барлық матчтар арасындағы ең жоғары нәтиже болды. Көрермен саны бойынша екінші орынға Босния және Герцеговинаның «Борац» клубы мен Болгарияның «Левски» командасы арасындағы матч жайғасты. Оны 10 102 адам тамашалады. Үшінші көрсеткіш Молдованың «Петрокубы» мен Албанияның «Эгнатиясы» арасындағы ойынға тиесілі болды. Бұл кездесуге 8 798 көрермен жиналды. Ал үздік бестікке «Сабах» – «ТНС» және «Кауно Жальгирис» – «Дрита» матчтары да енді.

Ал ең аз көрермен жиналған матч Сан-Мариноның «Тре Фиори» және Солтүстік Ирландияның «Ларн» клубтары арасында өтті. Бұл ойынды небәрі 672 адам тамашалады. Бейтарап алаңда өткен Беларусьтің «Витебск» пен Румынияның «Университатя» клубтары арасындағы кездесуге бар болғаны 20 жанкүйер келген.

«Қайрат» алғашқы ойында «Сутьесканы» 2:1 есебімен жеңді. Қарымта кездесу 15 шілдеде Черногорияда өтеді. Осы ойынның қорытындысы бойынша келесі іріктеу кезеңіне жолдама алған команда анықталады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
24 Авг - 18:30 Футбол
Қазақстандық таланттар еуропалық футболдағы жолын жалғастырып жатыр
24 Авг - 10:45 Футбол
«Милан» А сериядағы маусымды «Ториноны» жеңумен бастады
21 Авг - 15:05 Футбол
ФИФА Қазақстан футбол федерациясына жас футболшыларды дамытуға 250 мың доллар грант бөлді
21 Авг - 09:15 Футбол
Роналдиньо Италияның «Равенна» клубінің ортақ иесі атанып, алаңға қайта шығуы мүмкін
20 Авг - 18:02 Футбол
«Хан-Тәңірі» жеті гол соғылған матчта «Тобыл М»-ды жеңді
20 Авг - 09:26 Футбол
Андрей Мартин «Ордабасының» Қазақстан кубогының финалына шығуын бағалады
20 Авг - 08:30 Футбол
«Ордабасы» мен «Қайсар» Қазақстан кубогының финалында кездеседі
19 Авг - 16:45 Футбол
Рафаэль Уразбахтин «Кайратқа» айтылған сынға жауап берді
19 Авг - 09:15 Футбол
«Әл-Наср» Сауд Арабиясы Король кубогінің 1/8 финалына шықты
19 Авг - 08:30 Футбол
«Ахмат» Кенжебекпен бірге Ресей кубогінде алғашқы жеңісіне жетті