Эдсон «Қайраттан» сегіз маусымнан кейін кетті

Эдсон

Қазақстан құрамасының әмбебап ойыншысы Эдсон Гомес дос Сантос алматылық «Қайрат» клубынан ресми түрде кетті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Клуб сегіз маусым бойы өнер көрсеткен ең табысты ойыншыларының бірімен қоштасқанын жариялады.

Эдсон «Қайрат» сапына 2018 жылдың тамыз айында Бразилияның «Жоакаба» клубынан ауысқан болатын. Осы уақыт ішінде ол 340 матч өткізіп, 214 гол соқты және 20 трофей жеңіп алды. Әмбебап ойыншы алматылық клубпен бірге жеті мәрте Қазақстан чемпионы атанып, бес рет Қазақстан кубогын және жеті рет Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды. Сонымен қатар ол футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының екі дүркін күміс жүлдегері және бір мәрте қола жүлдегері атанды.

Эдсон Қазақстан құрамасы сапындағы алғашқы матчын 2022 жылдың қаңтарында футзалдан Еуропа чемпионатында Словенияға қарсы өткізді. Кейін ұлттық құраманың негізгі ойыншыларының біріне айналып, халықаралық деңгейдегі ірі турнирлерде тұрақты түрде өнер көрсетті.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Эдсонның мансабын Ресейдің «ИрАэро» клубында жалғастыратыны туралы ақпарат тараған болатын. Бұл команданы Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Кака жаттықтырады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
24 Авг - 10:45 Футбол
«Милан» А сериядағы маусымды «Ториноны» жеңумен бастады
21 Авг - 15:05 Футбол
ФИФА Қазақстан футбол федерациясына жас футболшыларды дамытуға 250 мың доллар грант бөлді
21 Авг - 09:15 Футбол
Роналдиньо Италияның «Равенна» клубінің ортақ иесі атанып, алаңға қайта шығуы мүмкін
20 Авг - 18:02 Футбол
«Хан-Тәңірі» жеті гол соғылған матчта «Тобыл М»-ды жеңді
20 Авг - 09:26 Футбол
Андрей Мартин «Ордабасының» Қазақстан кубогының финалына шығуын бағалады
20 Авг - 08:30 Футбол
«Ордабасы» мен «Қайсар» Қазақстан кубогының финалында кездеседі
19 Авг - 16:45 Футбол
Рафаэль Уразбахтин «Кайратқа» айтылған сынға жауап берді
19 Авг - 09:15 Футбол
«Әл-Наср» Сауд Арабиясы Король кубогінің 1/8 финалына шықты
19 Авг - 08:30 Футбол
«Ахмат» Кенжебекпен бірге Ресей кубогінде алғашқы жеңісіне жетті
10 Авг - 15:32 Футбол
Левандовски «Барселона» аңыздар тізіміне енді