Жұман Жұмабеков IBA Nomad 15 турнирінде UFC-дің бұрынғы спортшысына есе жіберді

Жуман Жумабеков. Фото: sportplustv.kz
Қазақстандық файтер Жұман Жұмабеков IBA Nomad 15 турнирінің ко-мейн ивентінде жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Ол аралас жекпе-жек қолғаптарымен өтетін бокс ережесі бойынша ұйымдастырылған кездесуде UFC-дің бұрынғы файтері Диего Брандаоға жол берді.
Жекпе-жек үш раундқа жоспарланғанымен, екінші раундта мерзімінен бұрын аяқталды. Алғашқы раундта Диего Брандао дәл тиген бэкфист соққысымен Жұмабековті ауыр нокдаунға түсірді. Екінші раундта бразилиялық файтер басымдығын жалғастырып, төреші жекпе-жекті тоқтатқаннан кейін техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Бұл кездесуге дейін Жұман Жұмабеков Nomad лигасында сегіз жекпе-жектің барлығында жеңіске жетіп, жеңіліссіз сериясын сақтап келген болатын. Сондай-ақ ол ұйымның жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы саналады.
Диего Брандао UFC-дегі өнерімен кеңінен танымал. Бразилиялық спортшы әлемдегі ең беделді промоушенде Конор Макгрегор және Дастин Порье секілді танымал файтерлерге қарсы жекпе-жек өткізген.



