Бибісара Асаубаева мен Алуа Нұрман фристайл шахматынан әлем чемпионатына қатысады

Бибисара Асаубаева

Фото: NurPhoto

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшылары Бибісара Асаубаева мен Алуа Нұрман 2027 жылғы фристайл шахматынан әлем чемпионатында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Халықаралық шахмат федерациясының ұйымдастыруымен өтетін беделді турнир Германияның Вайсенхаус қаласында өтеді. Әйелдер арасындағы жарыс 5-7 ақпан аралығына жоспарланған.

Фристайл шахматынан әлем чемпионаты әлемнің үздік шахматшыларын бір аренаға жинайды. Жақында ФИДЕ турнирдің ресми постерін жариялап, жарыстың басталуына 223 күн қалғанын хабарлады. Әйелдер және ерлер санатында сегіз спортшыдан әлем чемпионы атағы үшін бақ сынайды.

Бибісара Асаубаева әлем чемпионатына жолдаманы алғаш болып иеленді. Ол биыл ақпан айында өткен ресми көрме матчында әлемнің 12-чемпионы Александра Костенюкті жеңіп, турнирге қатысу құқығына ие болды. Кейін оған Алуа Нұрман қосылды. Қазақстандық шахматшы Карлсруэ қаласында өткен Grenke Freestyle Chess Open іріктеу турнирінде үздік үштікке еніп, әлем чемпионатына жолдама алды.

Ерлер арасындағы әлем чемпионаты 12-14 ақпан аралығында өтеді. Турнирге норвегиялық атақты гроссмейстер Магнус Карлсен де қатысады. Алдағы әлем біріншілігі жаңа маусымдағы ең маңызды шахмат жарыстарының бірі болмақ, ал Қазақстан әйелдер турнирінде екі шахматшымен өнер көрсетеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
02 Окт - 09:10 Басқа
Рита Бакишева Азия ойындарында тарихи қола медаль жеңіп алды
28 Сен - 16:00 Басқа Жеңіл атлетика
Ясмина Тоқсанбаеваның Азия ойындарындағы нәтижесі жарамсыз деп танылды
28 Сен - 15:05 Басқа
Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны US Open-дегі жеңісінен кейін қабылдады
28 Сен - 11:37 Басқа
Қазақстандық мергендер Азия ойындарында тоғызыншы орынға ие болды
28 Сен - 08:30 Басқа
Қазақстан артистік жүзуден Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды
26 Сен - 12:05 Басқа
Қазақстандық гандболшылар Азия ойындарын ірі жеңіспен аяқтады
25 Сен - 13:44 Басқа
Денис Сергиенко Азия ойындарында маунтинбайктен бесінші орын алды
25 Сен - 12:05 Басқа
Ислам Сатпаев Азия ойындарының финалына шықты
25 Сен - 10:45 Басқа
«Барыс» «Нефтехимикке» қарсы матч алдында қатарынан үшінші жеңіске ұмтылмақ
25 Сен - 09:15 Басқа
Мария Бровкова мен Юлиана Киселева Азия ойындарында төртінші орын алды