Хорватия Панаманы жеңіп, плей-офф мүмкіндігін сақтап қалды
Хорватия құрамасы ӘЧ-2026 турниріндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. L тобының екінші турында хорватиялықтар Панаманы 1:0 есебімен жеңіп, плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігін сақтап қалды.
Бұл жеңіс Хорватия үшін аса маңызды болды. Команда алғашқы турда Англиядан жеңілгеннен кейін алғашқы ұпайларын еншілеп, келесі кезеңге жолдама үшін күресті жалғастыруға мүмкіндік алды. Ал Панама құрамасы қатарынан екінші рет жеңіліп, ұпайсыз қалды.
Кездесу Торонтодағы «Би-Эм-О Филд» стадионында өтті. Матчтағы жалғыз гол 54-минутта соғылды. Хорватия шабуылшысы Анте Будимир қарсылас қақпасынан саңылау тауып, командасына жеңіс сыйлады. Қалған уақытта хорватиялықтар өз басымдықтарын сақтап қалып, маңызды үш ұпайды қоржындарына салды.
Екі турдан кейін Англия мен Гана құрамалары төрт ұпайдан жинап, топ көшін бастап тұр. Хорватия үш ұпаймен үшінші орында орналасса, Панама соңғы сатыда қалды. Топтық кезеңнің соңғы турында хорваттар Ганамен кездеседі, ал Панама Англия құрамасына қарсы ойнайды. Бұл матчтар 28 маусымда өтеді.



