«Қайрат» жолдастық кездесуде «Жетісуды» ірі есеппен жеңді

ФК Кайрат

Фото: Arsenal FC

Алматылық «Қайрат» ҚПЛ-дегі үзіліс кезінде жолдастық матч өткізіп, «Жетісуды» 3:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Кездесу алматылық клубтың Бесағаш ауылындағы базасында өтті. Матчтағы барлық голдар екінші таймда соғылды.

69-минутта Рамазан Бағдат есеп ашып, «Қайратты» алға шығарды. Арада 11 минут өткенде Мұстафа Шен алаң иелерінің басымдығын арттырды.

Ал 83-минутта Дәулет Орынбасар қарсылас қақпасын дәл көздеп, матчтың қорытынды есебін белгіледі – 3:0.

ҚПЛ-дың 13 турында «Қайрат» 26 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орында тұр.

Ал «Жетісудың» еншісінде 13 ұпай бар. Талдықорғандық клуб қазіргі уақытта чемпионатта 11-сатыда орналасқан.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
21 Окт - 15:05 Футбол
Рафаэль Уразбахтин: ««Панатинаикосты» құрметтейміз, бірақ одан қорықпаймыз»
21 Окт - 14:34 Футбол
Лисандро Мартинес маусым соңында «Манчестер Юнайтедтен» кетуі мүмкін
21 Окт - 12:50 Футбол
«Кайрат» Конференциялар лигасында «Панатинаикосты» қабылдайды
20 Окт - 16:30 Футбол
КФФ «Актобе» мен «Ордабасы» арасындағы матчтан кейін жаза қолданды
20 Окт - 15:15 Футбол
Ресей мен Өзбекстан құрамалары жолдастық матч өткізеді
20 Окт - 14:30 Футбол
«Бавария» – «Арсенал»: Мюнхендегі матчты қайдан көруге болады
20 Окт - 13:57 Футбол
Тен Хаг «Манчестер Юнайтедтегі» Роналдумен арадағы келіспеушілік туралы айтты
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 10:00 Футбол
«Барселона» Швейцария құрамасының үш гол соққан жартылай қорғаушысына көз тікті
19 Окт - 11:30 Футбол
Бекбаев «Ордабасының» жеңісіне баға беріп, чемпиондық жарыстағы маңызын атап өтті