Бибісара Асаубаева Norway Chess турнирінде қайтадан жеке көш бастады

Бибисара Асаубаева

Фото: ФШК

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Ослода өтіп жатқан беделді Norway Chess турнирінде қайтадан жеке дара көшбасшы атанды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Алтыншы турда қазақстандық спортшы Үндістан өкілі Хампи Конерумен кездесті. Негізгі партия жылдам тең нәтижемен аяқталып, жеңімпаз «армагеддонда» анықталды.

Қосымша партияда ақ тастармен ойнаған Бибісара жеңіске жетіп, маңызды ұпайларға ие болды.

Алты турдан кейін Асаубаеваның еншісінде 9,5 ұпай бар. Осы нәтижемен ол турнир кестесінде жеке дара бірінші орынға көтерілді. Оған ең жақын қарсылас – 8,5 ұпай жинаған үндістандық Дивья Дешмух.

Үздік үштікті сегіз ұпаймен украиналық Анна Музычук түйіндеп тұр. Ол қосымша көрсеткіштер бойынша қазіргі әлем чемпионы қытайлық Цзюй Вэньцзюньнен алда келеді.

Norway Chess турнирі 5 маусымға дейін жалғасады. Жарыс бағдарламасы он турдан тұрады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
14 Окт - 16:30 Басқа
Журова Нидерландының ресейлік гимнасткаларға виза бермеуін сынға алды
12 Окт - 11:05 Басқа
Мария Севостьянова Париждегі таеквондодан Гран-при кезеңінде қола медаль жеңіп алды
11 Окт - 08:56 Басқа
Софья Самоделкина Денис Тен мемориалында қола медаль жеңіп алды
07 Окт - 16:27 Басқа
Қасым-Жомарт Тоқаев Тимур Турловпен кездесті
07 Окт - 15:15 Басқа
Қазақстан шорт-тректен әлемдік турдың алғашқы кезеңдеріне құрамын анықтады
02 Окт - 09:10 Басқа
Рита Бакишева Азия ойындарында тарихи қола медаль жеңіп алды
28 Сен - 16:00 Басқа Жеңіл атлетика
Ясмина Тоқсанбаеваның Азия ойындарындағы нәтижесі жарамсыз деп танылды
28 Сен - 15:05 Басқа
Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны US Open-дегі жеңісінен кейін қабылдады
28 Сен - 11:37 Басқа
Қазақстандық мергендер Азия ойындарында тоғызыншы орынға ие болды
28 Сен - 08:30 Басқа
Қазақстан артистік жүзуден Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды