«ПСЖ» Чемпиондар лигасын пенальти сериясында жеңіп алды
Францияның «ПСЖ» клубы 2025/26 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Турнирдің финалы Будапешт қаласындағы «Пушкаш Арена» стадионында өтті. Кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды.
Ойынның алтыншы минутында лондондық клубтың шабуылшысы Кай Хаверц есеп ашты. Екінші таймда Усман Дембеле 65-минутта пенальтиден гол соғып, таразы басын теңестірді.
Жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Бұл сында париждік клубтың футболшылары дәлдік танытып, 4:3 есебімен жеңіске жетті.
«ПСЖ» сапында ресейлік қақпашы Матвей Сафонов матчты толық өткізді. Финалға дейін париждіктер жартылай финалда «Баварияны» екі матч қорытындысы бойынша 6:5 есебімен жеңсе, «Арсенал» мадридтік «Атлетикодан» 2:1 есебімен басым түскен болатын.


