Бибісара Асаубаева Norway Chess 2026 турнирінің көшін бастады

Бибисара Асаубаева

Фото: NurPhoto

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Norway Chess 2026 турниріндегі екінші жеңісіне жетіп, жарыс кестесінде жеке-дара көш бастады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Екінші турда қазақстандық шахматшы қытайлық Чжу Цзиньэрмен кездесті. Негізгі партия тең аяқталып, жеңімпаз армагеддонда анықталды. Қосымша партияда қара тастармен ойнаған Асаубаева қарсыласынан басым түсті.

Екі тур қорытындысы бойынша Бибісара 4,5 ұпай жинап, бірінші орынға көтерілді. Екінші сатыда үш ұпаймен үндістандық Дивья Дешмух тұр. Ал Чжу Цзиньэр мен Анна Музычуктың еншісінде 2,5 ұпайдан бар.

Бірінші турда қазақстандық шахматшы үндістандық гроссмейстер Хампи Конеруды да қара тастармен жеңген болатын.

Келесі турда Асаубаева Дивья Дешмухпен кездеседі. Norway Chess 2026 турнирі Норвегияда 25 мамыр мен 6 маусым аралығында өтеді. Жарыстың жүлде қоры 182 мың долларды құрайды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
14 Окт - 16:30 Басқа
Журова Нидерландының ресейлік гимнасткаларға виза бермеуін сынға алды
12 Окт - 11:05 Басқа
Мария Севостьянова Париждегі таеквондодан Гран-при кезеңінде қола медаль жеңіп алды
11 Окт - 08:56 Басқа
Софья Самоделкина Денис Тен мемориалында қола медаль жеңіп алды
07 Окт - 16:27 Басқа
Қасым-Жомарт Тоқаев Тимур Турловпен кездесті
07 Окт - 15:15 Басқа
Қазақстан шорт-тректен әлемдік турдың алғашқы кезеңдеріне құрамын анықтады
02 Окт - 09:10 Басқа
Рита Бакишева Азия ойындарында тарихи қола медаль жеңіп алды
28 Сен - 16:00 Басқа Жеңіл атлетика
Ясмина Тоқсанбаеваның Азия ойындарындағы нәтижесі жарамсыз деп танылды
28 Сен - 15:05 Басқа
Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны US Open-дегі жеңісінен кейін қабылдады
28 Сен - 11:37 Басқа
Қазақстандық мергендер Азия ойындарында тоғызыншы орынға ие болды
28 Сен - 08:30 Басқа
Қазақстан артистік жүзуден Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды