Килиан Мбаппе қатарынан екінші маусым Ла Лиганың үздік сұрмергені атанды

Фото: ВВС
Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе тағы да Испания чемпионатының үздік бомбардирі атанды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Франциялық футболшы 2025/26 жылғы маусымды 31 матчта соққан 25 голмен аяқтап, қатарынан екінші рет беделді «Пичичи» жүлдесін жеңіп алды.
Мбаппе үшін шешуші гол соңғы турда Бильбаоның «Атлетигіне» қарсы матчта соғылды. «Сантьяго Бернабеуде» өткен кездесуде мадридтік клуб 4:2 есебімен жеңіске жетті.
Өткен маусымда да француз шабуылшысы Ла Лиганың үздік мергені атанып, 34 ойында 31 гол соққан болатын.
Осылайша Килиан Мбаппе Лионель Мессидің жетістігін қайталады. Аргентиналық футболшы XXI ғасырда қатарынан екі маусым Испания чемпионатының үздік бомбардирі атанған соңғы ойыншы болған еді.



