Александр Бублик Женевадағы турнирдің жартылай финалына шықты

Александр Бублик

Фото: Getty Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Женевада өтіп жатқан ATP-250 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Ширек финалда қазақстандық теннисші франциялық Артур Риндеркнешті жеңді.

Әлемнің оныншы және 24-ракеткалары арасындағы матч үш сетке созылды. Бублик алғашқы партияда жеңілгенімен, кейін кездесудің бағытын өзгертіп, 5:7, 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Теннисшілер кортта 1 сағат 54 минут ойнады. Осы уақыт ішінде қазақстандық спортшы сегіз эйс жасап, үш қос қателік жіберді және алты брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды. Сонымен қатар ол матч барысында өз геймін бір-ақ рет жіберді.

Турнирдің жартылай финалында Александр Бублик америкалық Лёрнер Тьенмен кездеседі. Матч 22 мамыр күні өтіп, Қазақстан уақытымен 18:30-дан ерте басталмайды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
06 Окт - 13:45 Теннис
Григорий Ломакин Униндегі «Челленджер» турнирінің ширек финалына шықты
06 Окт - 12:05 Теннис
Тимофей Скатов Шанхайдағы ATP-1000 турнирінің негізгі кезеңіне өте алмады
06 Окт - 11:20 Теннис
Мирра Андреева Бейжіңдегі WTA-1000 турнирінің ширек финалына шықты
05 Окт - 15:46 Теннис
Александр Шевченко Шанхайдағы ATP-1000 турниріндегі жолын аяқтады
05 Окт - 13:27 Теннис
Тимофей Скатов Шанхайдағы ATP-1000 турнирінің іріктеу финалына шықты
02 Окт - 15:05 Теннис
Путинцева мен Данилина Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
01 Окт - 10:45 Теннис
Юлия Путинцева Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді
30 Сен - 14:15 Теннис
Юлия Путинцева мен Александр Шевченко Азия ойындарының жартылай финалына өтті
28 Сен - 12:05 Теннис
Жібек Құламбаева мен Соня Жиенбаева жұптық жарысты жеңіспен бастады
26 Сен - 13:45 Теннис
Александр Бублик Лэйвер кубогындағы алғашқы матчында жеңіліске ұшырады