UFC Абу-Дабидегі турнирін ресми түрде жариялады

UFC. Фото: Zuffa LLC via Getty Images
Ultimate Fighting Championship ұйымы Абу-Дабиде өтетін UFC Fight Night турнирін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Турнир 25 шілде күні Яс аралындағы «Этихад Аренада» өтеді. Әзірге кешке қатысатын файтерлердің есімдері ресми түрде жарияланған жоқ.
Абу-Даби бірнеше жылдан бері UFC ұйымының тұрақты турнир өткізетін қалаларының біріне айналды. Бұл UFC мен БАӘ астанасының мәдениет және туризм департаменті арасындағы серіктестіктің нәтижесі болып саналады.
2025 жылдың шілде айында дәл осы аренада Роберт Уиттакер мен Ренье де Риддер арасындағы басты жекпе-жек өткен болатын. Ал сол жылдың қазан айында «Этихад Арена» Том Аспиналл мен Сириль Ган арасындағы титулдық айқасты қабылдады.
Сонымен қатар шілде айындағы турнирге билеттер жақын уақытта сатылымға шығатыны хабарланды.


