Қазақстан Кубогының жартылай финалистері анықталды

ФК Женис

Фото: ФК Женис

Астана, Ақтөбе, Қызылорда және Шымкент қалаларында Қазақстан Кубогының ширек финал матчтары өтті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Кездесулер қорытындысы бойынша турнирдің жартылай финал жұптары белгілі болды.

Финал жолдамасы үшін «Ордабасы» мен «Алтай», сондай-ақ «Жеңіс» пен «Қайсар» кездеседі. Бұған дейін «Қайрат» пен «Астана» жарысты 1/8 финалда аяқтаған еді. Ал ширек финалдан кейін қазіргі трофей иегері «Тобыл» да турнирден шығып қалды.

Қостанайлық клуб Қызылордада өткен матчта «Қайсарға» пенальти сериясында жол берді. Негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталды. Алаң иелері сапынан Бақдәулет Қоңлымқос мергендік танытса, «Тобыл» құрамында Дәурен Жұмат есепті теңестірді. Пенальти сериясында қызылордалықтар 5:3 есебімен жеңіске жетті.

«Жеңіс» өз алаңында «Қызылжарды» 2:0 есебімен жеңді. Гол авторлары — Элдер Сантана мен Адилио дос Сантос. «Ордабасы» болса Давид Абаньяның голының арқасында «Жетісудан» 1:0 есебімен басым түсті. Ал «Ақтөбе» мен «Алтай» арасындағы матч ең тартысты кездесу болды. Негізгі және қосымша уақыт 1:1 есебімен аяқталып, пенальти сериясында өскемендік клуб жеңіске жетіп, сенсациялық түрде жартылай финалға шықты.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
30 Июн - 00:01 Футбол
Бразилия құрамасы Жапонияны жеңіп, ӘЧ-2026 турнирінің 1/8 финалына шықты
29 Июн - 19:54 Футбол
«Қызылжар» сәтсіз сериядан кейін бас бапкерімен қоштасты
29 Июн - 13:35 Футбол
«Манчестер Сити» Энцо Маресканы бас бапкер етіп тағайындады
29 Июн - 12:02 Футбол
«Спартак» пен «Ахмат» Максим Самородовтың трансфері бойынша келіссөзді жалғастырып жатыр
29 Июн - 10:31 Футбол
The Athletic ӘЧ-2026 топтық кезеңінің үздік бес футболшысын атады
29 Июн - 09:31 Футбол
Ислам Чесноков «Тобылға» оралғаннан кейінгі әсерімен бөлісті
29 Июн - 08:00 Футбол
Месси әлем чемпионатындағы тағы бір тарихи рекордтың авторы атанды
27 Июн - 12:54 Футбол
Дастан Сатпаев «Челсидің» оқу-жаттығу жиынына аттанды
27 Июн - 11:27 Футбол
Ислам Чесноков «Тоболға» оралуға жақын
27 Июн - 10:00 Футбол
ӘЧ-2026 қорытындысы: Франция барлық матчта жеңді, Бельгия мен Испания плей-оффқа шықты