Жанкүйерлер тәртіпсіздігінен кейін «Славияға» техникалық жеңіліс тіркелді

gettyimages 2274870286 2 scaled

Чехия футбол лигасының тәртіптік комитеті прагалық «Славияға» «Спартамен» өткен матчтағы жанкүйерлер әрекеті үшін 0:3 есебіндегі техникалық жеңіліс берді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Оқиға чемпиондық кезең аясындағы кездесуде болды.

Екінші тур матчы 9 мамыр күні Прагадағы «Фортуна-Аренада» өтті. Ойын тоқтатылған сәтте «Славия» 3:2 есебімен алда тұрған. Екінші таймға төреші он минут қосқан еді.

Қосылған уақыттың жетінші минутында алаң иелерінің жанкүйерлері күзет қызметкерлерінің қоршауын бұзып өтіп, алаңға жүгіріп шыққан. Олар «Спарта» футболшыларына қарай ұмтылып, қонақтар секторына пиротехника лақтырған. Осыдан кейін төреші матчты тоқтатып, командаларды киім ауыстыратын бөлмеге алып кетті. Кейін «Спарта» ойыншылары кездесуді жалғастырудан бас тартты.

Нәтижесінде «Славия» техникалық жеңілістен бөлек, он миллион чех кроны көлемінде айыппұл алды. Сонымен қатар клуб келесі төрт үй матчысын көрерменсіз өткізеді. Қазір команда Чехия чемпионатының турнирлік кестесінде 74 ұпаймен көш бастап тұр. Ал «Спартаның» еншісінде 69 ұпай бар.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
13 Май - 08:46 Футбол
Жанкүйерлер тәртіпсіздігінен кейін «Славияға» техникалық жеңіліс тіркелді
12 Май - 14:03 Футбол
Шахмұрат Даулетов «Генктің» жастар командасының ойыншысы атанды
11 Май - 15:12 Футбол
Жозе Моуринью «Реалға» қайта оралуы мүмкін
11 Май - 13:51 Футбол
«Ахматта» Самородов пен Кенжебектің болашағына қатысты мәлімет айтылды
11 Май - 10:47 Футбол
Ғалымжан Кенжебектің голы «Ахматты» жеңілістен құтқарып қалды
11 Май - 09:24 Футбол
«Арсенал» бір маусымдағы жеңіс саны бойынша клуб рекордын жаңартты
11 Май - 08:43 Футбол
«Барселона» «Реалды» жеңіп, мерзімінен бұрын Испания чемпионы атанды
10 Май - 16:35 Футбол
Кирилл Альшевский «Ертістің» бас бапкері қызметінен кетті
10 Май - 11:03 Футбол
«Манчестер Сити» Винисиус Жуниорға қызығушылық танытып отыр
09 Май - 14:28 Футбол
Луис Суарес 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысу үшін ұлттық құрамаға оралуы мүмкін