Баллерини «Президенттік Түркия турының» кезеңінде жеңіске жетті
Италиялық велошабандоз Давиде Баллерини «XDS Astana Team» сапында «Президенттік Түркия турының» жетінші кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Кезең тағдыры мәреге жақын спринтте шешілді.
150 шақырымдық кезең Анталья – Анталья бағыты бойынша өтті. Баллерини 03:19:41 уақыт көрсеткішімен бірінші болып келді. Екінші орынды «ATT Investments» командасынан Марцели Богуславски иеленсе, үшінші орын «Team Flanders-Baloise» шабандозы Том Краббеге бұйырды.
«XDS Astana Team» құрамындағы басқа спортшылар да негізгі топпен бірге мәреге жетті. Алессио Делле Ведове 47-орын алды, Хенок Мулубрхан — 50-орында, Маттео Скалько — 64-орында, Лев Гонов — 73-орында, Даррен ван Беккум — 133-орында, ал Николя Винокуров 144-нәтиже көрсетті.
Жалпы есепте жеті кезеңнен кейін көш бастап тұрған — Себастьян Бервик. Одан кейін Иван Соса мен Камиль Боннё орналасқан. Қазақстандық команда сапында ең үздік нәтиже Хенок Мулубрханда — ол сегізінші орында келеді.


