Роналду мен Месси ең көп табыс тапқан спортшылар тізіміне енді

Криштиану Роналду Лионель Месси

Фото: Getty Images

Америкалық беделді Sportico порталы барлық уақыттағы ең көп табыс тапқан 50 спортшының рейтингін жариялады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Тізімге әртүрлі спорт түрлерінің өкілдері, соның ішінде футболшылар да кірді.

Рейтингті құрастыру барысында жалақы, бонустар, жүлдеақылар, жарнамалық келісімшарттар, лицензиялық табыстар, авторлық сыйақылар және басқа да қаржылық түсімдер есепке алынған. Ал 50 спортшының ішінде тек төртеуі ғана футболшылар болып табылады.

Тізімде үшінші орынды «Аль-Наср» клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду иеленді — оның табысы инфляцияны есептегенде 2,52 миллиард долларды құрайды. Бесінші орында «Интер Майами» және Аргентина құрамасының ойыншысы Лионель Месси — 1,99 миллиард доллар. Сонымен қатар Дэвид Бекхэм сегізінші орынға (1,68 млрд доллар), ал «Сантос» және Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар 14-орынға (1,24 млрд доллар) жайғасты.

Рейтингтің көшін алты дүркін НБА чемпионы Майкл Джордан бастап тұр — оның жалпы табысы 4,5 миллиард долларды құрайды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
21 Май - 15:05 Футбол
«Ордабасы» Айбол Әбікенді қайта қайтарғысы келеді
21 Май - 09:15 Футбол
«Челси» Килиан Мбаппені сатып алуға қызығушылық танытып отыр
21 Май - 08:30 Футбол
«Астон Вилла» тарихында алғаш рет Еуропа лигасын жеңіп алды
20 Май - 20:46 Футбол
Қазақстанның жаңа толқыны. Испания мен Бельгия клубтары бақылап жүрген қазақ таланттары
20 Май - 09:34 Футбол
Абат Айымбетов румыниялық «Петролулдан» кетуі мүмкін
20 Май - 08:45 Футбол
«Арсенал» 22 жылдан кейін Англия чемпионы атанды
19 Май - 09:26 Футбол
Карло Анчелотти Неймардың Бразилия құрамасы үшін маңызын айтты
19 Май - 08:23 Футбол
Неймар Бразилия құрамасының әлем чемпионатына арналған тізіміне енді
18 Май - 12:06 Футбол
Ислам Чесноковқа «Хартстың» негізгі құрамына ену үшін қандай қасиеттер қажет екені айтылды
18 Май - 10:19 Футбол
Нұралы Әліп «Зенитпен» бірге төртінші рет Ресей чемпионы атанды