Үш қазақстандық гимнаст Германиядағы Әлем кубогы кезеңінің финалына өтті

1771663455 1

Германияның Котбус қаласында спорттық гимнастикадан Әлем кубогының бірінші кезеңі басталды.

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының үш өкілі халықаралық турнирдің финалына жолдама алды.

Ат снарядындағы жаттығуда Нариман Курбанов пен Зейнолла Ыдырысов финалда өнер көрсетеді.

Курбанов іріктеуде 14,700 ұпаймен бесінші орын алса, Ыдырысов 14,566 ұпай жинап, алтыншы болды.

Еркін жаттығуда Дмитрий Патанин 13,533 ұпай еншілеп, сегізінші орынмен финалға шықты.

Шешуші жарыстар 21–22 ақпан аралығында өтеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
17 Июл - 17:55 Басқа
Таеквондодан Қазақстан құрамасы командалық әлем кубогының қола жүлдесін жеңіп алды
08 Июл - 10:50 Басқа
Бибісара Асаубаева қатарынан үшінші маусымда Global Chess League турнирінде өнер көрсетеді
27 Июн - 19:54 Басқа
Бибісара Асаубаева мен Алуа Нұрман фристайл шахматынан әлем чемпионатына қатысады
26 Июн - 12:05 Басқа
Қазақстан құрамасы AVC Ұлттар кубогында Бахрейнге жол берді
24 Июн - 16:25 Басқа
Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдесі үшін сынға түседі
22 Июн - 15:01 Басқа
Астана алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатын қабылдайды
21 Июн - 12:33 Басқа
Қазақстан құрамасы каратэден Азия чемпионатында үздік үштікке енді
20 Июн - 15:39 Басқа
Виктор Друзин әлем кубогының суперфиналында күміс медаль жеңіп алды
14 Июн - 21:05 Басқа
Қытайдағы триатлоннан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына үшінші медаль түсті
08 Июн - 13:45 Басқа
Алматы облысы жағажай самбосынан Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті