Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Азия чемпионатында 11 медаль жеңіп алды

1771507972 1 1

Үндістанның Нью-Дели қаласында нысана көздеуден Азия чемпионаты өз мәресіне жетті.

Қазақстан құрамасы құрлық біріншілігінде 11 медаль (4 алтын, 4 күміс, 3 қола) жеңіп алды.

София Шульженко әйелдер арасындағы жекелей сында 50 метр қашықтықтан үш қалыпта ату бағдарламасында топ жарып, Азия және әлем рекордын жаңартты. Сонымен қатар Қазақстанның әйелдер құрамасы осы бағдарлама бойынша командалық сайыста да бірінші орынды иеленді.

Сондай-ақ әйелдер құрамасы пневматикалық винтовкамен 10 метрге атудан қола жүлдегер атанды.

Шағын калибрлі винтовкамен атудан Елизавета Безрукова да алтын жүлдеге қол жеткізді. Ал Ислам Сәтпаев пневматикалық винтовкамен 50 метр қашықтықтан жатып ату жаттығуында чемпион атанды. Осы бағдарламада Никита Шахторин күміс жүлдеге ие болды.

Пневматикалық тапаншамен 10 метрге атудан Валерий Рахымжан күміс медаль жеңіп алды. Сондай-ақ Никита Чирюкин тапаншамен 25 метр қашықтықтан жылдам ату сайысында екінші нәтиже көрсетті.

Командалық есепте пневматикалық тапаншамен 10 метрге оқ атуда Қазақстан құрамасы (Валерий Рахымжан, Кирилл Федькин, Эльдар Иманқұлов) қола жүлдеге ие болды. Ал пневматикалық винтовкамен 10 метрге атудан командалық сайыста Никита Шахторин, Константин Малиновский және Ислам Сәтпаев күміс медаль жеңіп алды.

Сонымен қатар ерлер құрамасы шағын калибрлі тапаншадан 25 метрге оқ атуда үшінші орынға жайғасты. Бұл жолы команда сапында Никита Чирюкин, Кирилл Федькин, Артемий Кабаков өнер көрсетті.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
21 Авг - 13:45 Басқа
Қазақстандық таеквондошылар President’s Cup турнирінде екі алтын медаль жеңіп алды
21 Авг - 12:05 Басқа
Қазақстандық таеквондошылар President’s Cup турнирінде екі алтын медаль жеңіп алды
20 Авг - 15:05 Басқа
Қазақстан құрамасы Қытайдағы әлемдік серия кезеңіне қатысады
20 Авг - 13:45 Басқа
Бибісара Асаубаева Cairns Cup-2026 турнирінде үздік үштікке енді
19 Авг - 15:05 Басқа
Нұрай Бауржанова мен Рита Бакишева WT President’s Cup турнирінде қола жүлде алды
19 Авг - 12:05 Басқа
Бибісара Асаубаева Cairns Cup-2026 турнирінде жеңіліске ұшырады
10 Авг - 19:05 Басқа
Шаңғымен тұғырдан секіруден Франциядағы жазғы Гран-при: Қазақстан құрамасының нәтижесі
10 Авг - 16:26 Басқа
Қазақстан су добынан Хорватияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын аяқтады
10 Авг - 11:02 Басқа
Қазақстан таеквондодан Ресейде өткен жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды
07 Авг - 13:33 Басқа
Қазақстан таеквондодан Индонезиядағы халықаралық турнирде төрт медальға ие болды