Сабина Алтынбекова мансабы туралы пікір білдірді

Фото: All Sports Media
Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова өзінің спорттық болашағы жөнінде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Ол кәсіби мансабын жалғастыру ниеті бар екенін айтты.
Алтынбекованың сөзінше, Қазақстандағы волейбол маусымы шамамен бір айдан кейін аяқталады, алайда ол белгілі бір себептерге байланысты маусымды мерзімінен бұрын аяқтауға шешім қабылдаған. Бұл туралы спортшы Instagram әлеуметтік желісіндегі «сторис» бөлімінде хабарлады.
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары оның 2025 жылдың күзінен бері өнер көрсетіп келген елордалық «Астана» клубынан кеткенін жазған болатын. Оған дейін қазақстандық волейболшы Индонезияның «Yogya Falcons» клубында ойнаған.
Маусымды ерте аяқтағанына қарамастан, Сабина Алтынбекова мансабын жалғастыратынын растады. Алдағы жоспарлары туралы ақпаратты кейінірек жариялайтынын мәлімдеді.



