Рим қаласында 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының алауы жағылды

1764945437 1

Римдегі Пьяцца дель Квиринале алаңында Милан-Кортина-2026 қысқы Олимпиада ойындарының алауын жағу салтанатты рәсімі өтті.

Грекиядан алдыңғы күні жеткізілген Олимпиада алауын Италия президенті Серджо Маттарелла ресми түрде тұтатты. Шараға Халықаралық Олимпиадалық комитетінің президенті Кирсти Ковентри, Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің басшысы Джованни Малаго және Италияның Ұлттық Олимпиадалық комитетінің жетекшілері қатысты.

Кирсти Ковентри құттықтау сөзінде Олимпиада алауының ұрпақтар сабақтастығын байланыстыратын және олимпиадалық қозғалыстың бастапқы мәні – шабыттандыруды, біріктіруді және әр спортшының ешқандай кемсітусіз жарысқа қатысу құқығын қорғауды еске салатын символдық күші бар екенін атап өтті.

Сондай-ақ ол Италияда өтетін ойындар өзінің президент ретіндегі алғашқы қысқы Олимпиадасы болатынын айтып, бұл ойындар спортшылар үшін де, бүкіл әлем үшін де жарқын оқиғаға айналатынына сенім білдірді.

Ал Италия президенті Серджо Маттарелла Олимпиада алауының бейбітшілік, бірлік және өзара құрмет белгісі екенін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, Олимпиада мен Паралимпиада ойындары адамзатпен бәріне ортақ, түсінікті тілде сөйлесе алатын ерекше күшке ие екенін жеткізді. Сондай-ақ бұл ойындар теңдік, құрмет және алға ұмтылу сияқты құндылықтарды еске салатынын айтты.

Маттарелла ойындарға дейінгі жолдың жауласу мен өшпенділіктен бас тарту кезеңіне айналуына үміт артты. Ол Милан мен Кортинада ойындарды бірлесіп өткізу Италияның ашықтығы мен ұлттық бірлігінің айқын көрінісі екенін айтты.

Сөз соңында Джованни Малаго президентке алауды тапсырды. Ал Италия Президенті алаңда орнатылған Олимпиадалық шамды жақты.

Айта кетейік, алау Римге жеткізілгеннен кейін эстафетаның алғашқы метрлерін Джованни Малаго мен теннисші Жасмин Паолини жүріп өтті.

Италия аумағындағы Олимпиада алауының ресми эстафетасы 6 желтоқсанда басталады. Маршрут елдің маңызды мәдени және тарихи аймақтарын, соның ішінде көптеген ЮНЕСКО нысанын қамтиды.

Милан-Кортина-2026 қысқы Олимпиада ойындары 6-22 ақпан аралығында өтеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
04 Сен - 17:55 Басқа Күрес
Ернұр Сүлеймен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен алтын медаль жеңіп алды
04 Сен - 16:30 Басқа
Қазақстан кокпардан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалына шықты
04 Сен - 15:05 Басқа
Қазақстанның әйелдер құрамасы Азиада-2026 қарсаңында Омбыдағы «Титан кубогына» қатысады
04 Сен - 13:45 Басқа
Қазақстан Азиада-2026-ға семсерлесуден 22 спортшымен қатысады
03 Сен - 18:30 Басқа
Ербол Мырзабосынов Қазақстанның туризм және спорт министрі қызметіне қайта тағайындалды
03 Сен - 17:55 Басқа
Қазақстан көшпенділер ойындарында аударыспақтан төрт алтын алып, медаль қорытындысында бірінші орынға шықты
03 Сен - 15:05 Басқа
Қазақстандық жұптар жағажай волейболынан Азия чемпионатындағы алғашқы ойындарын өткізді
02 Сен - 18:30 Басқа
Нұрсұлтан Есімбай Қырғызстандағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қола медаль алды
02 Сен - 16:36 Басқа
Мұхаммеджан Сайлау Көшпенділер ойындарында Қазақстанға екінші алтынды әкелді
02 Сен - 15:05 Басқа
Қазақстан қоржынына Көшпенділер ойындарындағы алғашқы алтын түсті