Қазақстан Эр-Риядтағы Ислам ынтымақтастығы ойындарында 56 медаль жеңіп алды

1763746442 1

Қазақстан құрамасы Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарындағы өнерін аяқтады.

Жалпы есепте отандастарымыз 56 медаль еншіледі. Оның 15-і – алтын, 20-сы – күміс, 21-і – қола медаль. Осылайша Қазақстан жалпыкомандалық есепте жетінші орынға тұрақтады.

1763755128

Жүзу, ауыр атлетика және джиу-джитсу құрамалары ел қоржынына үш медальдан салды.

1763755154

Үстел теннисшілері екі алтын медаль жеңіп алды. Дзюдо, муай-тай, семсерлесу және карате спортшылары бір-бір алтын медальмен жарысты аяқтады.

1763755172

Қазақстандық атлеттер командалық жарыста да жүлдегер атанды. Әйелдер құрамасы гандболдан финалға дейін жетіп, екінші орынға ие болды.

Медаль кестесінде Түркия көш бастады – 72 алтын, 44 күміс және 39 қола. Екінші орынға Өзбекстан ие болды (29 алтын, 35 күміс, 32 қола). Үздік үштікті Иран түйіндеді (29 алтын, 19 күміс, 33 қола).

Айта кетейік, бұл жарыста еліміздің намысын 100-ден астам спортшы қорғады. Олар бағдарламаға енгізілген 23 спорт түрінің 15-інде бақ сынады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 12:00 Басқа
Биржан Оразов: Қазақстан құрамасының мақсаты – іріктеу тобында бірінші орын алу
20 Окт - 11:20 Басқа
Севда Әлиева Азия Пара ойындарында үздік алтылыққа енді
20 Окт - 10:49 Басқа
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Budapest Trophy додасында жүлдесіз қалды
20 Окт - 09:15 Басқа
Қазақстан пара үстел теннисінен Азия Пара ойындарындағы алғашқы медальдарын алды
20 Окт - 08:20 Басқа
Гүлім Құрманбаева Азия Пара ойындарында жүлдеге сәл жетпей қалды
19 Окт - 16:00 Басқа
Қазақстандық парапауэрлифтерлер Азиаданың екі жүлдесін жеңіп алды
19 Окт - 15:45 Басқа
Қазақстандық футзал төрешісі Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасына тағайындалды
19 Окт - 14:00 Басқа Хоккей
Шутов пен Орехов ҚХЛ-дің алтыншы аптасының үздіктері атанды
19 Окт - 13:20 Басқа
Ибрагим Нұрмаханұлы Қазақстанға Азия Пара ойындарындағы үшінші алтынды әкелді