Александр Бублик Париждегі «Мастерс» турнирінің ширек финалына шықты

Александр Бублик

Фото: пресс-служба ФТК

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Парижде өтіп жатқан «Мастерс» сериясындағы турнирдің үшінші кезеңінде әлемнің төртінші ракеткасы, америкалық Тейлор Фрицті (№4 ATP) жеңіп, ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Кездесу 7:6 (7:5), 6:2 есебімен Бубликтің пайдасына аяқталды. Ойын 1 сағат 26 минутқа созылды. Екінші сетте қазақстандық теннисші сенімді ойын көрсетіп, екі брейк жасап, матчты эйспен түйіндеді.

Келесі айналымда Александр Бублик әлемнің алтыншы ракеткасы, австралиялық Алекс де Минормен кездеседі. Бұл Бубликтің биылғы маусымдағы «Мастерс» турнирлеріндегі үшінші ширек финалы болмақ.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру