WTA жаңартылған рейтингті жариялады: Рыбакина үздік ондықта қалды, Путинцева орын жоғалтты

Фото: The Independent
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) Қытайдың Ухань қаласында өткен WTA 1000 турнирінен кейін жаңартылған әлемдік рейтингті ұсынды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Бірінші орында – беларусьтық Арина Соболенко. Одан кейінгі сатыда – польшалық Ига Швёнтек, ал Ухань турнирінің чемпионы, америкалық Кори Гауфф үшінші орынға көтерілді.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина тоғызыншы орнын сақтап қалды. Еске салайық, ол Уханда ширек финалға дейін жетіп, Соболенкоға есе жіберген болатын. Ал Юлия Путинцева алты саты төмендеп, 69-орынға түсті — ол турнирдің алғашқы айналымында ұтылған еді.
Жұптық сында Анна Данилина бір позиция төмендеп, 13-орында тұр. Путинцева мен Жібек Құламбаева бір саты көтеріліп, тиісінше 104 және 127-орындарға жайғасты. Рыбакина да бір орын жақсартып, 263-сатыға көтерілді.
Жұптық рейтингтің көшбасшылары — Катержина Синякова (Чехия), Тейлор Таунсенд (АҚШ) және Эрин Рутлифф (Жаңа Зеландия).