Әліби Ыдырыс жыл соңында UFC октагонына оралмақ

Алиби Идрис

Фото: Zuffa LLC

Қазақстандық файтер Әліби Ыдырыс (10–1) жыл соңына дейін UFC-де жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz «Спорт Шредингера» және Sports24.kz басылымдарына сілтеме жасап.

Белгілі аралас жекпе-жек шебері ұйым басшылығына 2025 жылдың желтоқсанында немесе 2026 жылдың басында өзіне жекпе-жек ұйымдастыру туралы ресми өтініш жолдағанын айтты. Қазір ол Алматыда дайындық өткізіп жатыр. Ыдырысқа ADCC, AIGA және UWW турнирлерінің чемпионы Бекзат Қапашев көмектесуде.

Әліби Ыдырыс The Ultimate Fighter 33 жобасының финалисі. Ол жартылай финалда қарсыласын нокаутпен ұтқанымен, финалда америкалық Джозеф Моралеске екінші раундта сабмишен арқылы есе жіберген болатын.

Аталған шоу барысында қазақстандық спортшы UFC ұйымымен төрт жекпе-жекке арналған келісімшартқа қол қойған еді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру