Веретенников UFC 320 алдында салмақ өлшеуден сәтті өтті

Николай Веретенников

Фото: Zuffa LLC

Қазақстандық жартылай орта салмақтағы файтер Николай Веретенников Лас-Вегаста өтетін UFC 320 турниріне дейінгі ресми салмақ өлшеуден сәтті өтті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Ол таразыда 77,34 келіні тіркетті. Қарсыласы — америкалық Пунахеле Сориано. Оның UFC-дегі көрсеткіші — 5 жеңіс, 4 жеңіліс.

Бұл кездесу Веретенников үшін ұйымдағы қолданыстағы келісімшарты бойынша соңғы жекпе-жек болмақ. Қазір оның кәсіби рекорды 13 жеңіс пен 6 жеңілістен тұрады. UFC-де 1–2 нәтижесі бар, соңғы айқасында жеңіске жеткен. Ал Сориано екі рет қатарынан жеңіске жетіп отыр.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру