Ксения Балабаева — жасөспірімдер арасындағы рапидтен әлем чемпионы

0xmgxort 1

Қазақстандық шахматшы Ксения Балабаева 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы рапид бойынша әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Дүниежүзілік дода Перудің астанасы Лимада өтуде.

19 жастағы алматылық тоғыз турдың жетеуінде ұпай жинап, жалпы есепте көш бастады. Соңғы күні ол өзбекстандық Умида Омонованы жеңіп, кейін Анна Журова және Афруза Хамдамовамен тең ойнады. Осы нәтижелердің арқасында Ксения чемпиондық атақты иеленді.

Бұл жеңіс Қазақстан шахмат тарихы үшін ерекше. Балабаева — ересектер құрамасының мүшесі. Өткен жылы дәл осы команда Будапештте өткен шахмат Олимпиадасында алтын алған болатын. Лимада елімізді Амина Қайырбекова (7-орын, 6 ұпай) мен Лия Құрманғалиева (12-орын, 5 ұпай) да қорғады.

Ал ерлер арасында 16 жастағы өзбекстандық Мұхаммадзохид Суяров 7½ ұпай жинап, әлем чемпионы атанды. 27–28 қыркүйекте Лимада блиц бойынша әлем чемпионаты өтеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
27 Окт - 16:00 Басқа
Қазақстан құрамасының Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысатын құрамы жарияланды
21 Окт - 10:30 Басқа
Қазақстандық садақшылар Азия Пара ойындарында күміс медаль жеңіп алды
21 Окт - 09:05 Басқа
Ислам Салимов Азия Пара ойындарында күміс медаль жеңіп алды
21 Окт - 08:30 Басқа
Махамбет Серікқалиев Азия Пара ойындарында қола медаль жеңіп алды
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 12:00 Басқа
Биржан Оразов: Қазақстан құрамасының мақсаты – іріктеу тобында бірінші орын алу
20 Окт - 11:20 Басқа
Севда Әлиева Азия Пара ойындарында үздік алтылыққа енді
20 Окт - 10:49 Басқа
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Budapest Trophy додасында жүлдесіз қалды
20 Окт - 09:15 Басқа
Қазақстан пара үстел теннисінен Азия Пара ойындарындағы алғашқы медальдарын алды
20 Окт - 08:20 Басқа
Гүлім Құрманбаева Азия Пара ойындарында жүлдеге сәл жетпей қалды