Касильяс «Алтын доп-2025» фаворитін атады

Золотой мяч

Фото: Visionhaus via Getty Images

«Реалдың» аңыз қақпашысы Икер Касильяс биылғы «Алтын доп» иегеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz Foot Africa сайтына сілтеме жасап.

Испаниялық ардагердің айтуынша, басты бәсеке «Пари Сен-Жермен» ойыншысы Усман Дембеле мен «Барселонаның» жас жұлдызы Ламин Ямаль арасында өтпек. «Дембеле де, Ламин де тамаша маусым өткізді. Бірақ шешуші рөлді Чемпиондар лигасы ойнайды», — деді Касильяс.

Ол сондай-ақ 18 жастағы Ямальды «қазіргі испан футболындағы ең шешуші ойыншы» деп атап, егер биыл жүлде бұйырмаса, болашақта міндетті түрде жеңетінін айтты.

Айта кетейік, өткен маусымда Дембеле ПСЖ сапында Франция чемпионы атанып, ел Кубогы мен Чемпиондар лигасын жеңді. Ал Ямаль «Барселонамен» бірге Ла Лигада, Испания кубогында және Суперкубогында топ жарды. Салтанатты марапаттау рәсімі 22 қыркүйекте Париждегі «Шатле» театрында өтеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
02 Авг - 12:17 Футбол
«Челсидің» жанкүйерлік парақшасы Уэлбектің трансфері Сатпаевқа қалай әсер ететінін бағалады
02 Авг - 08:11 Футбол
ФИФА УЕФА қарсылығынан кейін даулы жобадан бас тартты
01 Авг - 13:02 Футбол
«Арсенал» Винисиуспен келісімге келіп, «Реалға» ұсыныс дайындап жатыр
30 Июл - 23:11 Футбол
«Тобыл» пенальти сериясында жеңіске жетіп, Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты
30 Июл - 20:45 Футбол
УЕФА ФИФА турнирлеріне бойкот жариялауы мүмкін екенін мәлімдеді
29 Июл - 23:11 Футбол
«Қайрат» қатарынан екінші маусымда еурокубоктың негізгі кезеңінде ойнайды
29 Июл - 22:39 Футбол
«Қайрат» драмалық матчта Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты
29 Июл - 15:05 Футбол
ПСЖ Родри үшін «Реалмен» таласқа қосылды
29 Июл - 13:45 Футбол
«Қайрат» – «Омония» матчын қайдан көруге болады
29 Июл - 10:55 Футбол
«Ювентус» Джошуа Зиркзеені жалға алуға жақын