Қазақ мәнерлеп сырғанаушылары Олимпиада жолдамасы үшін Пекинде сынға түседі

1758110656 1

19 қыркүйекте Қытай астанасы Пекинде Олимпиадаға іріктеу турнирі басталады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Додада 2026 жылғы Олимпиадаға берілетін соңғы жолдамалар сарапқа салынады.

Қазақстан екі бағдарламада бақ сынайды. Ерлер арасында ел намысын Диас Жіренбаев қорғайды. Қорға құрамында Никита Кривошеев, Олег Мельников пен Артур Смағұлов бар. Мұзда би бойынша Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова өнер көрсетеді.

Жарыс ережесіне сәйкес, ерлердің жекелей сынында үздік бес спортшы, ал мұзда би бойынша төрт жұп Олимпиада жолдамасына ие болады. Бұл – қазақстандық спортшылар үшін маңызды мүмкіндік.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру