Астана 2027 жылы УЕФА-ның сайлау Конгресін қабылдайды

УЕФА

Фото: UEFA.com

2027 жылдың 22 сәуірінде Астанада Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) жоғары басқарушы әрі заң шығарушы органы – 51-конгресі өтеді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Конгреске УЕФА құрамындағы 55 ұлттық қауымдастықтың өкілдері, ұйым президенті, Атқару комитетінің мүшелері, сондай-ақ ФИФА, еуропалық лигалар, клубтық бірлестіктер мен халықаралық спорт ұйымдарының делегаттары қатысады. Жиынның басты оқиғаларының бірі – УЕФА президенті мен Атқару комитеті мүшелерінің сайлауы болмақ.

Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу құқығының Қазақстанға берілуі УЕФА-ның елге деген жоғары сенімін және халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстарды ұйымдастырудағы мүмкіндіктерін мойындағанын көрсетеді. Конгресті өткізуге қатысты барлық ұйымдастыру шығындарын УЕФА өз мойнына алады.

Конгресс Қазақстандағы футболды дамыту бағытындағы жүйелі жұмыстың жалғасы болмақ. Елде футбол инфрақұрылымы жаңартылып, балалар мен жасөспірімдер футболы дамып келеді, сондай-ақ кәсіби клубтарды коммерцияландыру кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бірінші кезеңде 11 клуб жаңа басқару үлгісіне өтіп, 80 миллиард теңгеден астам жеке инвестиция тартты. Екінші кезеңде тағы сегіз клубты осы жүйеге көшіру жоспарланған. Сонымен қатар жуырда «Пари Сен-Жерменнің» Қазақстанда өз академиясын ашатыны белгілі болды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 16:30 Футбол
КФФ «Актобе» мен «Ордабасы» арасындағы матчтан кейін жаза қолданды
20 Окт - 15:15 Футбол
Ресей мен Өзбекстан құрамалары жолдастық матч өткізеді
20 Окт - 14:30 Футбол
«Бавария» – «Арсенал»: Мюнхендегі матчты қайдан көруге болады
20 Окт - 13:57 Футбол
Тен Хаг «Манчестер Юнайтедтегі» Роналдумен арадағы келіспеушілік туралы айтты
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 10:00 Футбол
«Барселона» Швейцария құрамасының үш гол соққан жартылай қорғаушысына көз тікті
19 Окт - 11:30 Футбол
Бекбаев «Ордабасының» жеңісіне баға беріп, чемпиондық жарыстағы маңызын атап өтті
19 Окт - 10:00 Футбол
«Реал» Моуриньюдің орнына Дешамды қарастырып отыр
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді