Жібек Құламбаева Қытайда өткен WTA 125 турнирінде топ жарды

Жибек Куламбаева

Жибек Куламбаева. Фото: Getty Images for ITF

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Қытайдың Хужоу қаласында өткен WTA 125 турнирінде жұптық сынның чемпионы атанды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Финалда Құламбаева словениялық Вероника Эрьявецпен бірге жапон жұбы Аяно Шимицу мен Момоко Кобориді 6:4, 6:2 есебімен тізе бүктірді. Кездесу бір сағаттан сәл астам уақытқа созылды.

Бұл – 25 жастағы Жібектің WTA турнирлеріндегі алғашқы жұптық жүлдесі. Бұған дейін ол ITF сериясында 35 мәрте жеңімпаз атанған болатын.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру