Жалғас Жұмағұлов Севериноға қарсы титулдық жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

Фото: OKTAGON
Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов мансабындағы маңызды айқастардың бірі алдында мәлімдеме жасап, бұл кездесуде екі чемпиондық белбеу сарапқа салынатынын айтты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Ол алдағы қарсыласы Игор Севериноға үндеу жолдап, жекпе-жектің маңыздылығын атап өтті.
X әлеуметтік желісінде Жұмағұлов бұл айқастың чемпионға қарсы чемпион форматында өтетінін және екі титулдың иесін анықтайтынын жеткізді. Ол жанкүйерлерге тартысты жекпе-жек сыйлауға дайын екенін мәлімдеді.
Жұмағұлов пен Северино арасындағы жекпе-жек 6 маусым күні Братиславада өтетін «Oktagon 89» турнирінің басты оқиғасы болады. Қазіргі таңда қазақстандық спортшы ұйымның аса жеңіл салмақтағы чемпионы болса, оның қарсыласы жеңіл салмақта чемпион саналады.
Бұған дейін Жұмағұлов салмақ дәрежесін көтеріп, екінші титул үшін күресуге ниетті екенін айтқан болатын.



