Жалғас Жұмағұлов Nomad FC лигасындағы дебютін нокаутпен аяқтады

Фото: OKTAGON
Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов Nomad FC лигасында сәтті дебют жасап, Алматыда өткен IBA Nomad 14 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Жекпе-жек бірінші раундта мерзімінен бұрын аяқталды.
Қазақстандық спортшының қарсыласы Қырғызстан өкілі Кайрат Нурбай уулу болды. Жекпе-жек жеңіл салмақта ММА ережесі бойынша тек стойкада өтті және бұл екі спортшы үшін де осы лигадағы алғашқы айқас болды.
Жұмағұлов қарсыласын бірінші раундта нокаутқа жіберіп, айқын басымдық көрсетті. Осылайша, ол жаңа промоушндегі алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады, ал қарсыласы дебютінде жеңіліс тапты.
Келесі жекпе-жек 6 маусымға жоспарланған. Oktagon MMA лигасы аясында ол жеңіл салмақта чемпиондық белбеу үшін бразилиялық Игор Севериноға қарсы шығады.


