Жәнібек Әлімханұлының болашағы «Б» сынамасының нәтижесіне байланысты

Жанибек Алимханулыж. Фото: Getty Images
Америкалық BoxingScene басылымы орта салмақтағы қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына қатысты ықтимал салдарларды талдады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Материалда допингке қарсы тексерудің екінші кезеңі саналатын «Б» сынамасының нәтижесі спортшының алдағы мансабына тікелей әсер ететіні айтылған. Тергеу қорытындысы халықаралық бокс ұйымдарының түпкілікті шешім қабылдауына негіз болады.
Бұл жағдайдың алғышарттары желтоқсан айында белгілі болды. Сол кезде Жәнібек Әлімханұлының бастапқы допинг-сынамаcынан мельдоний табылғаны хабарланып, тиісті ұйым тарапынан ішкі тексеру басталды. Осыған байланысты 7 желтоқсанға жоспарланған титулдық жекпе-жек өтпей қалды. Аталған кездесуде қазақстандық боксшы WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Эрисланди Ларамен жұдырықтасуы тиіс еді. Спортшының командасы қолданыстағы ережелерге сәйкес «Б» сынамасын қайта талдауды талап ету құқығын пайдаланды.
BoxingScene дерегіне сүйенсек, «Б» сынамасын ашу және зерттеу рәсімі 8 қаңтарға белгіленген. Процеске боксшының өзі мен оның өкілдері қатысады. Әдетте екі сынаманың нәтижелері бірдей болады, алайда спорт тарихында кей жағдайларда үлгінің ластануы немесе оны сақтау мен тасымалдау кезіндегі техникалық бұзушылықтар дәлелденіп, спортшыларға тағылған айыптар алынған мысалдар кездескен. Мұндай факторлар да тексеру барысында назарға алынады.
Қазіргі таңда Жәнібек Әлімханұлының кәсіби тағдыры тергеу жүргізіп жатқан органдардың шешіміне тәуелді. Оның IBF және WBO нұсқалары бойынша чемпиондық белбеулері, сондай-ақ ықтимал дисквалификация мәселесі күн тәртібінде тұр. «Б» сынамасының ресми нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі қадамдар айқындалып, боксшының жарыстарға оралу мүмкіндігі немесе шектеу шаралары анықталатын болады.
Джон Аник UFC-дің Ақ үйде өтетін дебюттік турнирінің ықтимал қатысушыларын атады
The Ring 2026 жылдың ең маңызды он жекпе-жегін атады
