Зейнолла Ыдрысов Болгариядан күміс медаль жеңіп алды

Зейнолла Идрисов. Фото: kazsports.kz
Болгарияның Варна қаласында спорттық гимнастикадан кезекті Challenge Cup турнирі өтіп жатыр.
Ұлттық құраманың мүшесі Зейнолла Ыдрысов тұтқалы ат жаттығуының финалында 14.233 ұпай жинап, екінші орынды еншіледі. Ол тек вьетнамдық Нгок Хуаннан (14.266 балл) сәл ғана қалып қойды.
Үшінші орынға Өзбекстан спортшысы Абдулла Азимов ие болды. Бұл жарыс маусымдағы маңызды додалардың бірі саналады.