«Ярышъ» – жағажай футболынан Қазақстан Суперкубогы иегері

Ярышъ

Фото: КФФ

2025 жылғы жағажай футболы маусымы Павлодарда өткен Қазақстан Суперкубогының ойынымен ашылды, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz.

Аталған жарыста Жетісудың «Малайсары» мен Семеудің «Ярышъ» командалары күш сынасты.

Ереже бойынша жеңіске жету үшін екі ойында басым түсу қажет еді. Алғашқы матчта «Ярышъ» қарсыласын 7:1 есебімен ойсырата жеңіп, өз үстемдігін анық көрсетті. «Малайсары» ойында көп қателікке бой алдырды.

Алайда екінші кездесуде Жетісу командасы қайсар мінез танытып, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Бірақ шешуші үшінші ойында семейліктер қайтадан сенімді ойын өрнегін көрсетіп, 5:1 есебімен жеңіске жетіп, серияны 2:1 есебімен аяқтады.

Осылайша, «Ярышъ» Қазақстан Суперкубогының жаңа иегері атанды. Еске салайық, «Малайсары» — 2024 жылғы ел кубогының иегері, ал «Ярышъ» — былтырғы ел чемпионы.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 22:20 Футбол
«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Брюггеге» ірі есеппен жол берді
20 Янв - 15:19 Футбол
«Реал» Винисиустың қысқы трансферде кетпейтінін мәлімдеді
20 Янв - 08:25 Футбол
Қазақстан құрамасы FIFA Series 2026 турнирінде Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды
19 Янв - 10:00 Футбол
«Ақтөбе» Миралем Пьяничтің ауысымы бойынша келісімге келді
19 Янв - 08:29 Футбол
Сенегал құрамасы Кубок Африка турнирінің чемпионы атанды
18 Янв - 13:00 Футбол
Нани «Ақтөбе» клубына ауысуға жақын
18 Янв - 09:25 Футбол
Ислам Чесноков дебют жасаған матчта «Хартс» Кубок Шотландиясынан шығып қалды
17 Янв - 20:21 Футбол
Килиан Мбаппе Испания чемпионатында жаңа мергендік рекорд орнатты
17 Янв - 16:00 Футбол
Криштиану Роналду 2025 жылдың ең жоғары табыс тапқан спортшысы атанды
17 Янв - 13:05 Футбол
Александр Меркель алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетеді