Уэльс құрамасы Қазақстанға қарсы ойынға тізімін жариялады

Уэльс футбол құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстанмен өтетін матчқа шақырылған ойыншылардың толық тізімін ұсынды, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz. Кездесу 4 қыркүйекте Астанада өтеді.
Қақпашылар: Дэнни Уорд («Лестер»), Карл Дарлоу («Лидс»), Адам Дэвис («Шеффилд Юнайтед»). Қорғаушылар: Бен Дэвис («Тоттенхэм»), Джо Родон («Лидс»), Крис Мефам («Сандерленд»), Бенджамин Кабанго («Суонси»), Неко Уильямс («Ноттингем Форест»), Джей Дасилва («Ковентри»), Ронан Кпакио, Дилан Лоулор (екеуі де — «Кардифф Сити»).
Жартылай қорғаушылар: Джош Шиэн («Болтон»), Джордан Джеймс («Ренн»), Кай Эндрюс («Мазервелл»), Сорба Томас («Нант»), Дэвид Брукс («Борнмут»), Чарли Крю («Лидс»), Харри Уилсон («Фулхэм»). Шабуылшылар: Киффер Мур («Шеффилд Юнайтед»), Бреннан Джонсон («Тоттенхэм»), Дэниел Джеймс («Лидс»), Лиам Каллен («Суонси»), Нейтан Бродхед («Ипсвич Таун»), Марк Харрис («Оксфорд Юнайтед»), Луис Кумас («Сток Сити»).
Қазіргі таңда Уэльс үш ойыннан кейін 6 ұпаймен J тобында екінші орында тұр. Қазақстан құрамасы 3 ұпай жинап, төртінші сатыда орналасқан. Бұған дейінгі кездесуде біздің құрама сырт алаңда 1:3 есебімен қарсыласқа есе жіберген еді.