УЕФА талаптары: Еуропа чемпионатын өткізуге Алматы дайын

Чемпионат Европы U-17 и U-19

Фото: UEFA via Getty Images

Қазақстан футбол федерациясының халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы Аян Әлжанов УЕФА тарапынан Еуропа чемпионатын (U-17 және U-19) өткізуге қойылатын талаптарды айтты. Оның сөзінше, екі турнирге де бірдей шарттар қойылған: сегіз құрама қатысады, олардың бірі — қожайын ел.

Маңызды талаптардың бірі — төрт стадион болуы тиіс және барлық командалар бір қонақүйде тұруы керек. Қонақүйден кез келген стадионға дейінгі жол уақыты 90 минуттан аспауы қажет. Демек, турнир бір қалада өтуі тиіс. Қазіргі таңда бұл талаптардың бәріне Алматы қаласы толық сәйкес келеді.

Айта кетейік, бұған дейін ҚФФ Еуропа чемпионатын Қазақстанда (U-19) өткізуге ресми өтініш бергенін хабарлаған болатын.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
08 Мар - 00:34 Футбол
ҚПЛ-2026 маусымы басталды: алғашқы ойын күнінде 12 гол соғылды
07 Мар - 20:21 Футбол
Луиш Нани «Ақтөбе» сапында Қазақстан чемпионатында дебют жасап, нәтижелі пас берді
07 Мар - 11:34 Футбол
«Реал» Юрген Клоппты болашақ бас бапкер ретінде қарастыруы мүмкін
07 Мар - 10:11 Футбол
«Интер Майами» иесі Лионель Мессидің жылдық жалақысын атады
07 Мар - 08:46 Футбол
«Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында «Картахенаға» жол берді
06 Мар - 22:37 Футбол
«Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында «Этуальға» жол берді
06 Мар - 11:20 Футбол
Алматыда футбол матчтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа үлгісі айқындалды
06 Мар - 09:45 Футбол
Павлодарда «Ертіс» клубына арналған жаңа стадион салу жоспарланып отыр
05 Мар - 21:22 Футбол
Ханси Фликтің «Барселонадағы» болашағы клуб президенті сайлауына байланысты
05 Мар - 20:11 Футбол
Жекеменшікке өткен «Ордабасы» атауын өзгертуі мүмкін