УЕФА Қазақстан клубтарына 2,3 млн еуро аударды

Сборная Казахстана

Сборная Казахстана. Фото: kff.kz

УЕФА ұлттық құрамалар матчтарына қатысқан футболшылар үшін Қазақстан клубтарына 2,3 миллион еуродан астам қаржы өтемақы ретінде төледі.
Компенсациялар 2020–2024 жылдар аралығындағы Лига наций, Еуро-2024 іріктеу кезеңі мен финалдық турнирдегі ойындарға қатысты бөлінген. Жалпы 55 елден 901 клубқа 233 миллион еуро бөлінгені мәлім болды.

Қазақстан клубтарының ішінде ең көп қаражат алған — елордалық «Астана». Клуб шотына 673 256 еуро түскен. Одан кейінгі орындарда «Тобыл» (347 605 еуро), «Ордабасы» (270 766), «Қайрат» (263 448) және «Шахтер» (168 314) тұр. Бұдан бөлек, «Ақтөбе», «Тараз», «Қайсар», «Жетісу», «Ақсу», «Қызылжар», «Каспий», «Мақтаарал», «Тұран» және «Атырау» клубтары да өтемақы алған.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 22:20 Футбол
«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Брюггеге» ірі есеппен жол берді
20 Янв - 15:19 Футбол
«Реал» Винисиустың қысқы трансферде кетпейтінін мәлімдеді
20 Янв - 08:25 Футбол
Қазақстан құрамасы FIFA Series 2026 турнирінде Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды
19 Янв - 10:00 Футбол
«Ақтөбе» Миралем Пьяничтің ауысымы бойынша келісімге келді
19 Янв - 08:29 Футбол
Сенегал құрамасы Кубок Африка турнирінің чемпионы атанды
18 Янв - 13:00 Футбол
Нани «Ақтөбе» клубына ауысуға жақын
18 Янв - 09:25 Футбол
Ислам Чесноков дебют жасаған матчта «Хартс» Кубок Шотландиясынан шығып қалды
17 Янв - 20:21 Футбол
Килиан Мбаппе Испания чемпионатында жаңа мергендік рекорд орнатты
17 Янв - 16:00 Футбол
Криштиану Роналду 2025 жылдың ең жоғары табыс тапқан спортшысы атанды
17 Янв - 13:05 Футбол
Александр Меркель алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетеді