UFC турнирі алғаш рет Бакуде өтеді

UFC

UFC. Фото: Zuffa LLC via Getty Images

UFC ұйымы Әзербайжан астанасы Бакуде өзінің алғашқы турнирін өткізетінін ресми түрде растады. Тиісті келісімшартқа қол қойылып, осылайша Әзербайжан UFC турнирін қабылдайтын 29-ел атанды.

UFC Fight Night 260 турнирі 2025 жылдың 21 маусымында Baku Crystal Hall аренасында өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы чемпион Джамаал Хилл мен рейтингтің жетінші сатысындағы Халил Раунтри (кіші) октагонға шығады.

Бұл турнирге Қазақстанның атынан Асу Алмабаев пен Азат Максум қатысуы мүмкін деген болжам бар. Қазір бұл бағытта келіссөздер жүріп жатыр.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру