UFC Қазақстанда турнирін өткізе ме?

Alash Pride

Фото: Bleacher Report

Қазақстан парламентінің депутаты әрі Alash Pride ММА лигасының президенті Данияр Қасқарауов UFC турнирін елімізде өткізуге байланысты келіссөздер жүріп жатқанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, UFC өкілдері бұл идеяға қарсы емес. Жақын күндері Баку немесе Абу-Дабиде өтетін турнирлердің бірінде Дана Уайтпен кездесіп, нақты талқылау жоспарланып отыр. Егер тараптар ортақ мәмілеге келсе, турнир осы жылдың соңында не келесі жылдың басында өтуі мүмкін.

Қасқарауов бұл – ауқымды ұйым екенін, сондықтан мұндай шараға қомақты қаржы қажет екенін де атап өтті. Айта кетейік, UFC Fight Night 260 турнирі 21 маусымда Бакуде өтеді. Бас кардта америкалық Джамал Хилл мен Халил Раунтри кездеседі.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру